Қазақстанда қарасорадан қағаз шығармақ

image.png

Елімізде қарасораны өндірістік мақсатта қолданбақ, қазір өндіріс мәселесін инвестор зерделеп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті деп хабарлайды kaz.inform.kz.

— Әзірге қарасора өндірісі басталған жоқ. Қазір инвестор зерттеу жүргізіп, жер таңдап жатыр. Жалпы, өндіріс технологиясына байланысты шешім қабылданады. Өндірілетін өнім бойынша айта кету керек, бұл салада өнім түрлері өте көп. Қағаз өнімдерінен бастап, майға дейін өндіруге болады. Алайда бізде техникалық қарасораны өсіруге ғана рұқсат етілгенін ескере отырып, яғни құрамында есірткілік зат болмайды, негізгі өнім жоғары деңгейде қорғалған қағаз болуы мүмкін, — деп жауап берді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қарасорадан жасалған қағаз — жеке куәлік, төлқұжат, банк құжаттарына арналған экспорттық өнім болмақ.

— Сондықтан әзірге инвестор зерделеп жатыр. Ол нарықтағы сұранысқа қарай бейімделеді. Сонымен қатар барлық өнім, болжам бойынша, экспортқа бағытталады, — дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Азат Сұлтанов қарасорадан қағаз жасау өндірісін Солтүстік Қазақстан облысында қолға алу қаралып жатқанын тілге тиек етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер