Қазақстан терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарында

image.png

Экономика және бейбітшілік институты мамандары  Қазақстанды терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарына қосты деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.  

Зерттеу бойынша  Орталық Азиядағы үш мемлекет, атап айтқанда Қазақстан (0 балл), Қырғызстан (0 балл) және Түрікменстан (0 балл) терроризм қауіпі өте төмен елдердің қатарында. Осылайша Жаһандық терроризм индексінде Қазақстан 100-орынға жайғасты.

Бұл ретте көршілес Өзбекстан — 90 (0,233 балл), ал Тәжікстан 70-орынға (0,999 балл) тұрақтады. Индексті қалыптастыру тәртібіне сай, неғұрлым елдер кейінгі орындарға жайғасса, соғұрлым ол мемлекеттегі терроризм қауіпі төмен деп бағаланады.

Ал Ресей (16-орын) терроризм қауіпі жоғары елдер қатарында. Беларусь пен Әзербайжан 90-шы орында болса, Армения 79-орынға тұрақтаған.

Алғашқы үштікке Буркина-Фасо, Пәкістан және Сирия еніп отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді
  • Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы
  • Президент Жолдауы мен партия тапсырмалары қаралды
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер