300-дей «Болашақтың» түлегі борышын өтемеген

image.png

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Үкіметте өткен брифингте  "Болашақпен оқыған, бірақ борышын өтемей жүрген қанша түлек бар?" деген сұрақ қойылды.  

"Өкінішке қарай борышын өтемей жүрген түлектеріміз бар. Былтыр ауқымды аудит жүргізілді. Қазір "Болашақ" бағдарламасының ақпараттық жүйесі мен шекара қызметінің базасы ұштастырылды. Енді кім қайда шықты, бүкіл ақпаратты дер кезінде біліп отырамыз. Борышын өтемей жүрген 200-300 аралығында адам айқындалды. Ондай түлектер бірден стипендиядан айырылады. Түлектер соттың шешімімен немесе екі жақты келісім арқылы ақшаны бюджетке қайтарады. Ол жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәжіліс жаңартылатын энергия саласына қатысты маңызды құжатты қабылдады
  • Атақ базарға түсті: депутат дабыл қақты
  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
  • Шымкентте автобуста билетсіз жүргендерге салынатын айыппұл мөлшері өсті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер