Отырардың оңды істеріне куә болды

Screenshot_6.jpg 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нәлібай Дәрібаев жақында Отырар ауданына арнайы іссапармен келіп, тұрғындармен кездесті. Басқосуға аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған ауыл әкімдері, шаруа қожалықтарының төрағалары мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында Н.Дәрібаев ауданда жүгері өңдеу, шұбат өндіру саласын дамытып, өнім түрлерін көбейту керектігін тілге тиек етті. Ал, халық қалаулысы Нұржан Әлтаев Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, шаруалардың түйткілді проблемаларын оңтайлы шешу бағытында министрліктерге арнайы хаттар жолданғанын айтып өтті.

Кездесуге қатысушылар мұнан кейін Көкмардан ауылындағы «Отырар-Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен Қоғам ауылдық округіндегі «Отырар-Құрал» ЖШС-нің қарқынды бауына ат басын бұрды. Биыл ғана құрылған алма өсірумен айналысатын серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, оның 12 гектарына 32 мың түп алма ағашының көшеті отырғызылған.

Қазіргі таңда бауда алманың «Ред делишес», «Голден делишес», «Гала», «Гренни смит» сорттары өсірілуде. Делегация одан әрі Шілік ауылдық округіндегі «Гүлмайра» шұбат өңдіру цехында болды. Кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен пікір алмасты. Цех технологиясын тереңдету мәселесін көтеріп, кәсіпорын жұмысына өздерінің оң бағасын берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер