Асқар Мамин: Құрылыс жұмыстары тоқтамауы тиіс

Screenshot_6.jpg    

Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин  облыс орталығы Түркістан қаласына іс сапармен келді. Үкімет басшысы алдымен құрылыс алаңдарын аралап, облыс орталығын дамыту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын, «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойынша жұмыстарды тексерді. «Арыс – Түркістан» каналының реконструкциясының және «Машинный» каналы құрылысының жоспары қаралды. Қ. А. Ясауи музейінің, Туристік визит-орталықтың, тарихи сәулет формасындағы Шығыс моншасының құрылысы жүріп жатқан жерлерді аралады. Өңір әкімдігі «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру және қалашықтың тарихи нысандарын реставрациялау жұмыстарының жоспарымен таныстырды.

    Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы 29 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілгенін тілге тиек етті.  Бүгінде әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Өңірлер мен компанияларға тиесілі 10 нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 

      Сапар барысында  Премьер-министр Түркістан қаласының 2019–2020 жылдарға арналған кешенді құрылыс және дамыту жоспарын іске асыру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте өңір басшысы құрылыс, тарихи- мәдени нысандарды реконструкциялау, тұрғын үй мәселелерін шешу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу, жолдардың сапасын арттыру, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын, арнайы экономикалық аймақты дамыту қарқындары туралы баяндады. Әкімнің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 52 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл — 2300-ден астам пәтер, олардың ішінде 1200 отбасы, соның ішінде 270 аз қамтылған көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етіледі. Ұзындығы 82,5 шақырым болатын 69 көшені жөндеу, ұзындығы 42,2 шақырымдық 47 көшені абаттандыру, сондай-ақ ұзындығы 12,8 шақырым болатын велосипед жолын салу жұмыстары басталған. Өңірді газдандыру үшін 31,1 км магистральдық газ құбыры салынады. Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстарына 400-ден астам техника жұмылдырылып, 3500 адам жұмысқа тартылған. Жазғы кезеңде қосымша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

    Кеңесті қорытындылаған Премьер-министр құрылыс жұмыстарын тәулік бойғы режимге көшіруді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Үкіметтен түбегейлі өзгерістер жоспарын күтеді
  • 62 миллиард игерілмей қалды
  • Түркістанда ерекше индустриалды аймақ салынып жатыр
  • Ордабасыға 55 жыл!
  • Жылыжай жайын талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер