Субұрқақ жаңарды

Screenshot_7.jpg

Қарт Қаратаудың етегіндегі шаһар Кентауға соңғы жылдары көрік кіруде. Мұнда жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Сондай-ақ қалалық Жастар орталығы мекемесінің алдында орналасқан субұрқақ араға бірнеше жыл салып, күрделі жөндеуден өтті. Заман талабына сай жарақтандырылған нысан жергілікті тұрғындарды қуанышқа кенелтіп отыр. Түрлі-түсті жарықшамдар орнатылғандықтан атқылаған су түрлі-түске енеді.

Бұл субұрқақты қала әкімі Дәурен Махажановтың бастамасына қолдау білдірген кәсіпкерлер демеушілік жасап, тұрғындарға  тарту етіп отыр.

Бүгінде субұрқақ жанына жиналушылар көп. Баршасы тың жаңалықты тамашалап, суретке түсіп жүр.

– Бұл – біздің жастық шағымыз өткен жер. Жас кезімізде Кеншілер саябағы мен осы субұрқақ орналасқан аллеяға жиі келетінбіз. Ал, субұрқақ жобамен 1988 жылдардан бері жұмыс істемей тұрды. Біз үшін тарихи нысанды  заман талабына сай жаңартып, ел игілігіне пайдалануға берген басшылыққа рахметімді айтамын, – дейді Кентау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер