Мақтааралдың қауындары шетел асып жатыр

Screenshot_11.jpg

Ақ алтынды аймақ Мақтаарал ауданының қауындарына сұраныс күшейіп келеді. Бұған дәлел маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция мемлекеттеріне  жол тартады.

Жергілікті өнімге қызығушылық танытқан ресейлік және еуропалық кәсіпкерлер Мақтаралдың қауыны әлемдегі ең тәтті қауын деген жоғары бағаларын берген болатын. 

Салаға жауапты мамандардың дерегінше былтыр мақталы өлкеде 316 366,5 тонна бақша өнімдері өндірілген. Ал, биыл диқандар 11502 гектарға бақша дақылдарын екті. Мұның ішінде 10 мың гектары қауын, 1500 гектардан астамы қарбыз дақылы. Қазірдің өзінде диқандардың еңбегі бағаланып, 35 мың тоннаға жуық бақша өнімдері Қазақстанның барлық аймағына таралып, Ресейге және Еуропаның бірнеше елдеріне экспортталып үлгерді.

Айта кетейік,Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары Республикада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақша өнімдерін нарыққа шығарады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер