Орталық алаң жаңартылуда

Screenshot_9.jpg

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңы заман талабына сай жаңа кейіпке енуде. Қазір мұнда құрыдым жұмыстары жүргізілуде. Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.

Мердігер "Строй.ком "Прогресс" ЖШС-і салып жатқан кешен қараша айында пайдалануға берілмек. Нысанның бас жобалаушысы - "Авангард-ОК" ЖШС, ал техникалық қадағалаушысы - "Royal Company" ЖШС. Мақтаарал ауданы әкімдігінің тапсырысымен жасалып жатқан ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 30-ға жуық адам жұмысқа тартылған.

Алаңның 6820 шаршы метрі брусчаткамен қапталып, 292 шаршы метріне асфальт төселмекші. Сондай-ақ, 25 қоқыс жәшігі, 25 орындық, 3 шатыр астындағы орын орнатылмақ.

Демалыс орнын көріктендіру үшін 7240 шаршы метріне газон төселіп, 950 акация, 100 шырша, 28 терек егілетін болады. Ең бастысы - ауа-райы ыстық мекенде тұрғындар үшін субұрқақ салынбақшы.

Жалпы аудан орталығында абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Бұдан бөлек, көлемі 16х5 метр болатын 10 дана ойын алаңшалары салынуда. Сондай-ақ, қазіргі таңда 3 көшеге аяқжол төселіп, 3 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер