
Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы АҚШ-тағы елшілігінің The Times of Central Asia басылымында жарияланған мақаласында айтылған, деп жазды ҚазАқпарат.
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ұсынған 2025 жылғы Дүниежүзілік инвестициялық есептің мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен 151 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш Орталық Азияның өзге мемлекеттерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді.
Атап айтқанда елімізге келген инвестиция көлемі Түрікменстандағы 45 миллиард доллардан және Өзбекстандағы 17 миллиард доллардан бірнеше есе асып түсті. Сондай-ақ Қазақстанның көрсеткіші Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысына тартылған 4 миллиард доллар көлеміндегі инвестициядан айтарлықтай жоғары.
