Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

image.png

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жаңа өнімнің астығын экспорттау көлемі 8,2 млн тоннаны құрады. Бұл 2023-2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,1%-ға жоғары.  Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» мәлімдейді  деп хабарлайды RGmedia.kz.

Экспорт көлемінің айтарлықтай артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтардағы жоғары сұранысты көрсетіп отыр, сондай-ақ жеткізу географиясын кеңейту және логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

Экспорттың негізгі бағыттары дәстүрлі нарықтар болып табылады:

– Өзбекстан — 2,9 млн тонна (+30,3%),

– Тәжікстан — 1,1 млн тонна (+47,7%),

– Ауғанстан — 274 мың тонна (+31,7%),

– Қырғызстан — 192 мың тонна (1,7 есе өсу),

– Иран — 951 мың тонна (17,3 есе өсу),

– Әзербайжан — 632 мың тонна (126,4 есе өсу).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін қолдау және дамыту бойынша, оның ішінде логистиканы оңтайландыру және қазақстандық астықты халықаралық нарықтарға ілгерілету бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер