Әл-Фараби ауданына 9 айда 74 инвестициялық жоба жүзеге асты

Screenshot_3.jpg

Бизнес нысандардың көп болуы - елдегі экономикалық ахуалдың тұрақты екендігін білдіреді. Инвестор мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалса олар еш алаңсыз нысандарын салып, кәсіппен айналыса алады. Кәсіпкерге әкімдік тарапынан барлық қолдау көрсетілсе олар қысқа мерзімде табысқа жете алады. Табысқа жеткен кәсіпкер көптеген азаматтарды да жұмысқа орналастырып, мемлекет экономикасының дамуына зор үлесін қосады. Сондықтан да әкімдік пен кәсіпкерлер құстың қос қанатындай тығыз жұмыс істегені абзал. 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында орналасқан жаңадан ашылған "Бизнес орталығына" барды. Онда инвестициялық жобалармен танысып, нақты тапсырмалар берді. 

Ауданда 21 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бүгінде оның 17 340-ы жұмыс істеп тұр. 

Кәсіпкерлер тарапынан 2021-2025 жылдарға 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрады. Межеге сәйкес осы жылға жоспарланған 96 жоба жүзеге асып, инвестиция көлемі 25 млрд теңгені құрап, 1500 жаңа жұмыс орындары ашу қарастырылған. 

Ал 9 айда 74 жоба нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрады.

Қала әкімі әрбір жобамен танысып, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуді, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісті сала басшыларына тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер