​Еңбекші ауданына 46 млрд.теңге жеке инвестиция тартылды

Screenshot_2.jpg

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп болуы мемлекет экономикасы үшін өте тиімді. Кәсіпкерлік өрлеген жерде мемлекет экономикасы да дамитыны белгілі. Осы орайда Шымкент қаласында кәсіпкерлік нысандар көбейіп келеді. Мысалы Еңбекші ауданында 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 

Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысымен шағын және орта бизнес құрылымдарынан 59 млрд. теңге салық түсіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 10 пайызға артқан. Бұл туралы қала басшысы М. Әйтеновке аудан әкімі есеп беру жиынында баяндады. 

Осы мерзім ішінде ауданның инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік бағыттарына 68 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 123 пайызға артқан. Аудан экономикасына тартылған инвестициялар құрамында жеке меншік инвестицияның үлесі 46 млрд. теңгеге жуықтайды.  

Мұрат Дүйсенбекұлы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ауқымды қолдаулар көрсетуде, ендігі міндет – экономикамызда кәсіпкерлер қосатын үлесті арттыру. «Бизнес табысты жұмыс істесе, бюджетке түсетін табыс артады. Бизнес үшін жағдай жасаңыздар. Жеке инвестиция тартуға жұмыс істеңіздер»,- деп нақты тапсырма жүктеді қала басшысы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер