Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады

2003021517529220f.jpg

Футболдан Қазақстан чемпионаты «OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионаты» аталады. Мұндай жаңа атау Қостанайда өткен атқару комитетінің жиынында қабылданды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET букмекер компаниясымен серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. Серіктестік үш жылға созылып, 2020, 2021 және 2022 жылғы маусымдарды қамтиды. Келісім бойынша қазақстандық жоғары дивизионның жеке логотипі мен ресми атауы 2020 жылдың наурызынан бастап өзгереді. Енді ішкі чемпионаты «OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионаты» аталады», - делінген лига ақпаратында. 

Сонымен қатар, футболшыларды тіркеудің екінші мерзімінен бастап легионер ойыншылардың жас ерекшеліктеріне қойылатын шектеулер алынып тасталады. Футболшылардың құжаттарын қабылдаудағы қазіргі ереже бойынша Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің азаматтарының жас ерекшелігі 1989 жылдан жоғары болмауы тиіс. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Түркістан облысында Ақсақ Темірдің атымен аталатын футбол командасы құрылды
  • Құсайынов қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер