Бокстан әлем чемпионы Қайрат шаңырақ көтерді (фото)

Screenshot_2.jpg

Бокстан әлем чемпионы, Шымкент тумасы Қайрат Ералиев шаңырақ көтерді. Боксшының бұл жаңалығын Әділбек Ниязымбетов желіде хабарлады.

"Қайрат бауырым, бүгін үйленіп жатыр. Бақытты бол, спортта еңбегің сіңді, енді өмірде де халқымызға еңбегің сіңсін", - деп жылы лебізін арнады боксшы. 

Желі қолданушылары да Қазақстанның намысын қорғап жүрген боксшыға ақ тілегін жаудыруда.

Айта кетейік, 2017 жылы Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионтында Қайрат Ералиев алтын алып, әлем чемпионы атанған.

Ол ақтық сынды америкалық Дюк Раганнан басым түскен еді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Түркістан облысында Ақсақ Темірдің атымен аталатын футбол командасы құрылды
  • Құсайынов қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер