М.Ділдәбеков: "Шымкентте осындай замануи жаттығу орталығы ашылғанына өте қуаныштымын"

Screenshot_10.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды міндеттеді. «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» деді Президент.

Елбасы тапсырмасына орай, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алғашқысы – «Word Class Shymkent» фитнес клубы ашылды. Жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған «Нұрсәт» шағынауданындағы жаттығу орталығының ашылу салтанатына «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев арнайы келіп қатысып, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы, 9 жыл қатарынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанған еліміздің көркем гимнастикасының бас бапкері Әлия Жүсіпова ашылу рәсіміне жиналған қауымды заманауи жаттығу кешенінің ашылумен құттықтады. 

– Біз бұрын заман талаптарына сай мұндай керемет сауықтыру спорт кешендерін шетелдерге жарыстарға барғанда ғана көретінбіз. Дамыған елдердегідей бізде де болса деп армандайтынбыз. Сол арманымыз орындалып жатыр. Оған жерлестерімізбен бірге қол жеткізіп жатқанымызға, жаттығу орталығының Шымкентте ашылғанына қуанып тұрмын. Болашақта заманауи спорттық құрылғылармен жабдықталған осындай орталықта жаттыққан жастар байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтататына сенімдімін, – дейді Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, талайды таңдай қақтырған боксшы, былғары қолғап шебері Мұхтархан Ділдәбеков.

Screenshot_2.jpg

Ауырмаудың амалы жаттығу екенін жақсы білетін жұрт ұрпағының салауатты өмір сүргенін қалайды. Енді ғана ел игілігіне пайдалануға берілген «Word Class Shymkent» фитнес клубына бала-шағасымен келіп, дене шынықтырғысы келетіндердің көптігі соның айғағы болса керек. Ашылу салтанатының өзінде-ақ клуб мүшесі атануға ұмтылып, жазылуға кезек күткендер аз болмады. Ерте жастан-ақ балаларды спортқа баулудың өмірлік маңызы зор екенін ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейтіндер жақсы біледі. Мұнда дені сау ұрпақтың қалыптасуына қажетті спорттық шаралардың барлығы бар. Суда жүзуден бастап, түрлі ойын үйірмелеріне дейін жұмыс істейді екен. Тұрғындардың өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттырып, қызығушылығын оятқан спорт кешенінде кәсіби бапкерлер, жоғары кваликациялы инструкторлар жаттығу кестеңізді ыңғайлы уақытыңызға лайықтап түзіп беріп, соған сай дене шынықтыруыңызды мұқият қадағалайды. 

Screenshot_5.jpg

Жаттығудың ең тиімдісі – адамның денесіне артық салмақ салмай шынығу. «Word Class Shymkent» фитнес клубындағы заман талабына сай жабдықталған бассейн дәл осы қажеттілікті өтей алатын бірден-бір орын болып табылады. Суда жүзудің пайдасы орасан. Адамға ерекше сергектік сыйлап, сапалы өмір сүруге құлшынысын арттыратыны сөзсіз. 

«Ән – көңілдің ажары» деп бекер айтылмаса керек. Мұнда әсем ән тыңдап, би билеп жаттығуға да болады. Оның да арнайы бапкерлері бар, топтық үйірмелері жұмыс істейді. Көтеріңкі көңілмен йогамен айналысуға да жағдай жасалған.  

Screenshot_6.jpg

Жаттығу барысында бапкерлермен қатар медицина мамандары да жүрек қағысыңызды мұқият қадағалап отырады. Соған сай дәрігерлік кабинет те бар, препараттар да жеткілікті. Мамандар кез келген сәтте алғашқы көмекті көрсетуге әзір. 

Screenshot_4.jpg

«Word Class Shymkent» фитнес клубының ашылу салтанаты шымкенттіктер үшін нағыз мерекеге айналды десек те болады. Арнайы шақыртылған әнші Динара Шарипова жиылған жұрттың көңілін бір серпілтсе, клуб басшылығы келушілер арасында тегін лотерея билеттерін ойнатып, жеңімпаздарға спорт кешенінде бір жыл ақысыз жаттығу сертификаттарын сыйлады. Салтанатты шара соңы Шымкент аспанында өрнегін салған тамаша отшашуларға ұласты. 

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер