Жәнібек Әлімханұлы бірден екі титул үшін жұдырықтасады

photo_54631.jpg

Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері алтыншы кездесуінде қос бірдей титул үшін бокстасады. Оның қарсыласы – 27 жасар мексикандық Кристиан Оливас. Орта салмақтағы WBO Global жәнеWBC Continental Americas атақтары үшін шайқас АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтеді.

«12 сәуірде мен қазақ стилін көрсетем. Бұл күнді есте ұзақ сақтайтын боласыздар» деп жазды Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасында.

Жәнібек бесінші жұдырықтасуын биыл 3 ақпанда Техас штатында Ковалев – Альварес реваншының андеркардында өткізіп, қарсыласы Стивен Мартинесті үшінші раундта нокдаунға жіберген еді. Ал бесінші раундта рефери жекпе-жекті мерзімін бұрын тоқтатып тастап, жеңіске жеткен болатын.

Мексикандық Кристиан Оливас та оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Ол кәсіпқой рингте 20 кездесу өткізіп, соның 16-сында айласын асырған тәжірибелі боксшы. 13 жекпе-жегінде қарсыласын есеңгіретіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Дегенмен, ол 15 ақпанда Миннесота штатында өткен 20-сыншы кездесуінде американдық боксшы Тейлор Ховардтан жеңіліп қалды. Бұл оның төртінші жеңілісі.

«Алтыншы жекпе-жегінде-ақ WBO Global және WBC Continental Americas титулдары үшін айқасқа түсетін Жәнібек Әлімханұлын мақтан тұтамын» деп жазды өзінің таңданысын жасыра алмаған американдық Эгис Климас инстаграмдағы парақшасында.  

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының хабарлауынша, шаршы алаңдағы жекпе-жекті қазақстандықтар жанкүйерлер 12 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер