Ұялы байланыс тарифтерінің не себепті қымбаттағаны белгілі болды

image.png

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Қазақстанда ұялы байланыс тарифтерінің не себепті қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді. Вице-министрдің айтуынша  ұялы байланыс тарифі операторлардың инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуына байланысты қымбаттап жатыр. 

Министрлік тарифтердің, оның ішінде телеком саласының реттеушісі саналады. Осы орайда бірнеше жайтты айтқым келеді. Барлығымыз кез келген даму аталған қызметті іске асыратын компаниялары тарапынан инвестициялық шығындарды қажетсінетіндігін түсінуіміз қажет. Айталық, 2023 жылдан байланыс операторлары инфрақұрылымға 700 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Қазіргі уақытта базалық стансаларды, оның ішінде жаңа стандарттар бойынша 5G стансаларын орнату қарқынды жүріп жатыр. Жекелеген жағдайда байланыс операторлары тарифті арттыруға құқылы. Бұл ретте тарифті бақылайтын әрі тиісінше тексеру жүргізуге мүмкіндігі бар өкілетті органның бар екенін де атап өткен жөн. Осы орайда біз қызметтер мен ішкі топтамаларға емес, жалпы саланың даму драйвері, байланыс сапасының артуына өкілетті мемлекеттік орган ретіндеміз. Бұл ретте біз азаматтарымызға сапалы ұялы байланысты, сапалы интернетті қамтамасыз етуге тиіспіз", — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Конституция жобасына соттан тыс тұрғын үйден айыруға, шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі
  • Еңбекке жарамсыз ата-анаға балаларының қамқорлық жасауы Конституцияда бекітілді – Ардагерлер ұйымы
  • Қазақстанда шетелдік әртістердің концертіне жаңа талаптар енгізілмек
  • Елде 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер