Әлемдік рейтингіде Қазақстанның университтері қалай бағаланып жүр

image.png

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазіргі кезде Қазақстанның қай университтері әлемдік озық оқу орындарының рейтингінде жоғары бағаланып жүргенін хабарлады  деп жазады  Kazinform.

- Биыл шыққан QS World University Rankings 2026 нәтижелеріне сәйкес, рейтингке Қазақстанның 20 жоғары оқу орны енді. Рейтингке енген үш жаңа университет – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Шәкәрім университеті. Бұл оқу орындары алғаш рет әлемдік рейтингке кірді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет жұмыс берушілер арасындағы бедел индикаторы бойынша әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кірді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да 5 университет оқытушылар мен студенттердің білім беру процесіндегі байланысы бойынша 100 үздік қатарынан орын алды. Бұл көрсеткіш оқу процесінің сапасы мен жеке қатынасқа негізделген білім берудің маңызын білдіреді, - делйді министрлік.

Ведомство ақпаратына қарағанда, жаңа рейтингте Abai University 628-орынды иеленіп, былтырмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671–680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 5 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Атақ базарға түсті: депутат дабыл қақты
  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
  • Шымкентте автобуста билетсіз жүргендерге салынатын айыппұл мөлшері өсті
  • Қазақстанда SIM-карта алу қиындайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер