Елімізде азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

image.png

Үкімет 2025–2031 жылдарға арналған азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасын бекітті. 

Аталған құжат әлемде де, елімізде де ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі саналатын бағытты дамыту бойынша стратегиялық көзқарас пен негізгі қадамдарды айқындайды.

Пилотсыз авиациялық жүйелер, яғни дрондар, коммерциялық мақсатта да, мемлекеттік басқару ісінде де барған сайын кеңінен қолданыла бастады. Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) бағалауынша, пилотсыз авиациялық жүйені қолдайтын логистика және көлік қызметі нарығы 2022 жылғы 11 млрд доллардан 2027 жылға қарай 29 млрд долларға дейін өседі. Ал басқа дереккөз 2024 жылы бұл нарықты 35,28 млрд долларға бағалап, 2029 жылға қарай 67,64 млрд долларға жетеді деп болжап отыр.

Бекітілген тұжырымдама аясында Қазақстанда келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

— нормативтік-құқықтық базаны дамыту;

— кәсіби кадр даярлау;

— ғылыми және технологиялық әзірлемелерді ынталандыру;

— пилотсыз авиациялық жүйенің құрамдас бөліктерін өндіруді жергіліктендіру;

— дрондарды ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, энергетикада және басқа салада қолдану аясын кеңейту.

Қазақстан ТМД кеңістігінде пилотсыз авиация саласында толыққанды ережелерді бекіткен алғашқы ел. Қазір елімізде 1450-ден астам дрон тіркелген, 900-ге жуық оператор сертификаты берілген, халық тығыз орналасқан аймақтарда ұшу үшін 78 рұқсат және заңды тұлғаларға аэро қызмет (картография, геодезия, мониторинг, егістіктерге химиялық өңдеу және т. б.) жүргізуге 56 рұқсат берілген.

Елде дрон операторларын даярлайтын 5 оқу орталығы жұмыс істеп тұр. Ал 2027 жылдан бастап осы салада ұлттық ғылыми стратегияларды іске асыру басталады.

Мемлекеттік органдар тарапынан дрондарға деген сұраныс тұрақты өсіп келеді. 2024 жылы дрондар сатып алуға шамамен 1,1 млрд теңге жұмсалған.

2031 жылға қарай тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда:

— 5000 кәсіби дрон операторы мен ұшқышы даярланады;

— колледждер мен жоғары оқу орындарының 80%-ы пилотсыз авиация негіздеріне оқытады;

— ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетика саласындағы компаниялардың кемінде 30%-ы пилотсыз авиациялық жүйеге көшеді;

— дрон компоненттерінің 10%-ға жуығы ел ішінде шығарылады;

— пилотсыз авиация саласындағы кемінде үш қазақстандық әзірлеме халықаралық нарыққа шығады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
  • Елімізде азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасы бекітілді
  • Қазақстанда вольфрам мен галлий өндірісі іске қосылады
  • Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр
  • Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер