ДСМ ескертеді: Омикрон вирусының штамдары айналымда жүр

image.png

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мамандардың мәліметінше 2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде.

Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта.

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ДСМ ескертеді: Омикрон вирусының штамдары айналымда жүр
  • Бір аптадан кейін Қазақстанда смартфондар бұғаттала бастайды
  • ІІМ педофилдерді өмір бойы бақылауға алмақшы
  • Биыл картоп бағасы тағы қымбаттай ма?
  • Министр: Ресей Жайықтан алатын үлесіміздің 50 пайызын ғана беріп келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер