Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

image.png

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалғаны туралы өзінің әлеуметтік желі парақшасында бөлісті. Айтуынша ол Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланған деп хабарлайды  rgmedia.kz тілшісі.

— Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға! — деп жазды спортшы.

Бұған дейін атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға кіріскені мәлім болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?
  • Елімізде азаматтық пилотсыз авиацияны дамытудың тұжырымдамасы бекітілді
  • Қазақстанда вольфрам мен галлий өндірісі іске қосылады
  • Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр
  • Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер