Статистика: Қазақстанда қарт адамдар саны артты

image.png

Ұлттық статистика бюросы елімізде қарт адамдар санының артқанын айтты.  Бюро таратқан мәлімет бойынша  2024 жылы Қазақстанда қартаю индексі 31,1 құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайыздық тармаққа жоғары екен (2023 жылы 29,5), деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 31,1 қариядан келеді деген сөз.

Мамандар сондай-ақ  қариялардың қай өңірде көп екенін де жариялады.  Көрсеткіштің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Мұнда  тіркелгені – 78,1, одан кейін Шығыс Қазақстан (76) және Қостанай облыстары (66,4).

Қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау облысында, онда 100 балаға 65 жастан асқан 15,2 қарттан келеді. Сондай-ақ аталған көрсеткіштің төмен мәні Түркістан облысында (15,9) және Шымкент қаласында (16,1) тіркелген.

Бір қызығы қалалық жерлерде қартаю индексі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 33,4 және 27,5.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер