Жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кіруі мүмкін

image.png

Елімізде жылқы етін тұтынушылар көп. Әйтсе де ол әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде жоқ. Бұл мәселені  Мәжілісте өтіп жатқан дөңгелек үстелде депутат Қазыбек Әлішев көтерді деп жазады  RGmedia.kz тілшісі.  Халық қалаулысының айтуынша жылқы етін тұтынушылардың үлесі жылдан-жылға артуда. Осыған орай  ол жылқы етінің неге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесіне қосылмай келе жатқанын сұрады.

Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді.

— Ешқандай кедергі жоқ. Біз ол ұсынысты қарайық. Ондай мәселе осыған дейін көтерілген жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі баяғыдан ел ішінде жоғары қолданысқа ие өнімдерден жасақталып, қалыптасқан. Біз оны кезең-кезең сайын қарап отырамыз. Ол тауарлардың бағасы қол жетерліктей болу керек, — деді Жанель Күшікова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан шетелге қандай өнімдерін экспорттайды?
  • Ресейден электр қуатын қымбатқа алып отырмыз – Энергетика министрі
  • Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
  • Қарин: «Таза Қазақстан» экоакциясының идеологиясы — тазалық пен тәртіпті сақтау
  • Блогер Мұрат Әбділда 2 жылға қайтадан қамауға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер