Зейнеткерлердің несие мәселесі қалай шешіледі: Үкімет жауап берді

image.png

Депутаттардың зейнеткерлердің несие берешегіне қатысты сауалдарына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе елімізде бақылауда және бірқатар заңнамалық өзгерістер қолға алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ-ке сілтеме жасаған  rgmedia.kz тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнеткерлердің банктер алдындағы берешегіне қатысты жағдайды қадағалап, тиісті талдаулар жүргізіп келеді. Осы мақсатта банкроттық туралы заңға өзгерістер енгізіліп, соттан тыс банкроттық рәсімдерін жеңілдету қарастырылды. Бұл өзгерістер зейнеткерлерге де өз берешектерін реттеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мәжілісте банкроттық рәсімін оңтайландыруға бағытталған жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Аталған құжатта 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған шағын несиелерге қатысты банктік қарыздарды қайта құрылымдау талабын қолданбау секілді жаңа ұсыныстар бар.

Премьер-министрдің орынбасары зейнетақы төлемдерінен берешекті өндіріп алу мәселесіне де тоқталды. Әлеуметтік Кодекстің 203-бабына сәйкес, зейнетақылардан өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады және жалақының 50%-нан аспауы тиіс.

Алайда, зейнетақыны толықтай қорғауға алу мәселесі Ұлттық банк тарапынан қолдау таппаған. Себебі мұндай жағдайда банктер зейнеткерлерге несие беруді қиындатады немесе мүлде тоқтатуы мүмкін. Бұл өз кезегінде әлеуметтік наразылық тудыруы ықтимал. Сондай-ақ мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға арналған банк шоттарындағы қаражат үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғалған. Алайда зейнетақы бұл төлемдер қатарына жатпайды, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Үкімет өкілінің айтуынша, азаматтардың жекелеген санатындағы берешекті кешіру кредиттік мәдениетке кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл масылдықтың күшеюіне және қаржы нарығында жүйелі тәуекелдердің туындауына алып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер