Парламент жаңа Су кодексін бекітті

image.png

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасының Су кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісті.

— Биылғы 5 наурызда Су кодексі мен ілеспе заңды Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдаған еді. Ал 20 наурызда Сенат оны талқылап, Мәжіліске қайтарды. Сенат Су кодексіне 12 түзету және ілеспе заңға 1 өзгерту енгізді, олар редакциялық әрі нақтылау сипатына ие, сондай-ақ осы заңнамалық актілердің тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді… Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Сенаттың ҚР Су кодексіне және ілеспе заңға енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады, — деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Жалпы отырыс кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Өзбекстан халқының саны 38 миллионға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер