Ақылы жолға қарызы бар жүргізушілердің көлігін сатуына шектеу қойылмақ

image.png

Қазақстанда ақылы жолға төленбеген қарызды өндірудің жаңа тәсілі қарастырылып жатыр.“Информбюро” жаңалықтар қызметінің хабарлауынша берешегі көп азаматтарға көлігін сатуға және қайта тіркеуге тосқауыл қойылмақ. "Жол жүрісі туралы" заңға мәжіліс депутаттары өзгеріс енгізген. Құжатты қайта қарауға елдегі ақылы жолға қарыз азаматтардың көптігі себеп болған. Қазір жүріп өткен жолы үшін отандастарымыздың берешегі 6 миллиард теңгеден асқан екен.

Жоба авторлары оны өндіруге осы өзгеріс оң ықпал етеді деп сендіреді. Түскен қаражат тек ақылы жолдардың ғана емес, халықаралық және республикалық маңызы бар тегін жолдарды жөндеу мен күтіміне жұмсалмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты
  • Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейді
  • Мәжіліс жаңартылатын энергия саласына қатысты маңызды құжатты қабылдады
  • Атақ базарға түсті: депутат дабыл қақты
  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер