Кейбір жүргізушілерден айыппұлды жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастау ұсынылды

image.png

Сенатор Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновке жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза қолдану тәсілдерін қайта қарауды ұсынды деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. Бұл бастаманың себебі - Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың көбеюі және ережені өрескел бұзушыларға ықпал ететін тиімді шаралар болмауы.

"Айыппұлдар көліктің иесіне тағайындалады, алайда жүргізушінің бұған дейінгі құқықбұзушылықтары есепке алынбайды. Бұл ереже өрескел ереже бұзушыларға жылдар бойы жазадан қорықпай, жол қозғалысы ережелерін елемеуге мүмкіндік береді. Көріп отырғанымыздай, үнемі ереже бұзатындар үшін қазіргі айыппұлдар тиімді шара емес. Сондықтан жазалау тәсілдерін қайта қарау қажет", – деді депутат.

Осыған байланысты Қожаев мына шараларды ұсынды:

- Жол қозғалысы ережелерін 10 және одан көп рет бұзған жүргізушілерге теориялық емтиханды қайта тапсыруды міндеттеу;

- Қайталанатын құқықбұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату, жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру;

- Жүргізушінің заңбұзушылық санына байланысты айыппұл жүйесін дифференциялау;

- Өрескел құқықбұзушыларға 50 пайыздық айыппұл жеңілдігін алып тастау.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер