Тағы бір отбасы баспаналы болды

58912b20-7082-4530-baa4-27bcf1b66432.jpg

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Қамқорлық» бағдарламасымен тағы бір отбасы баспаналы болды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында 18 жылдан бері пәтер жалдап жүрген Пернебай Бейсенбиевтің отбасы бүгін қоныс тойын тойлап, шаттыққа кенелді.

«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов аталған отбасын жаңа қонысымен құттықтап, тұрмыстық техника тарту етті. Ал ерікті жастар тұрғын үйдің ауласына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға көмектесті. 

Баспаналы болған Несіпкүл Байдәулетованың қуанышында шек жоқ, көмек берген қолы ашық, жанашыр жерлестеріне аналық алғысын айтты. Бұл Түркістан облысындағы бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен демеушілер арқылы өңірлік «Қамқорлық» бағдарламасы аясында үйлі болған бесінші отбасы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Шымкент: Абай ауданында карантиндік талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
  • Шымкент: Еңбекші ауданындағы қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер