Дәретханаға кеткен қыз 5 айдан кейін табылды

1583473481267927.jpg

Түркістан облысының полицейлері Түлкібас ауданында жоғалған қызды бес айдан кейін Шымкент қаласынан тапты. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр қазан айында Түлкібас аудандық Полиция бөліміне аудандық мектеп-инетернаттың меңгерушісі 14 жасар оқушының із-түзсіз жоғалғанын хабарлап арызданған. Арызданушының айтуынша, кешкі уақыт шамасында 14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кеткен. 

Осы айлар аралығында Түлкібас АПБ-нің полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіруді тоқтатпады. Жедел уәкілдер оның таныстарының шеңберін анықтап, оның мүмкін болатын нұсқаларын тексеріп, бағыт-бағдар жіберіп, басқа да қажетті шараларды өткізді. Түлкібас аудандық әскери округінің және Түркістан облысы ПД-нің басқа бөлімшелерінің жеке құрамы хабар-ошарсыз кеткен интернат тәрбиеленушісін іздеуге бағытталды. Белгілі болғандай, қыз кешкі астан кейін тәрбиешінің көмекшісінен дәретханаға сұранып шығып, интернатқа қайтып оралмаған.

Жедел-іздестірушілер іс-шарасы нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, отбасына  дін-аман тапсырды. Ата-анасы түлкібастық полицейлерге қызын тауып бергені алғысын білдіруде. Бүгінде оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 14 жасар оқушы осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықтауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаратаудың қазыналы қайнары
  • Бизнесмен: Всем миром противостоять коронавирусу
  • Переводчик: Государство принимает необходимые меры
  • Надежда Атанова: Береженого Бог бережет
  • Аскар Жандаров: Только совместными усилиями мы сможем преодолеть кризис
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер