Түркістандағы «Мың бір хадисті» көру үшін мұсылман елдерінен келетін туристер көп

Screenshot_22.jpg

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жазба ескерткіштер қорында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) — тің «Мың бір хадис» атты кітабы сақтаулы. Кітап түркі тілінде, Қазан қаласында 1906 жылы «Каримовтар» баспаханасында басылған. Бұл кітапта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің 1001 хадисі толық жазылған, 103 беттен тұрады, жақсы сақталған. Осы хадисті көру үшін мұсылман елдерінен келетін туристер саны өте көп. Музей қызметкерлерінің атйуынша, мұсылман елдерінің туристері хадисті көп сұратады екен. 

«Хадис» дегеніміз ( араб тілінде «хадисун» көпше түрі «ахадис») — хабар, сөз, уағыз деген мағыналарды береді. Бұл ғылым Құран Кәрімнен кейінгі маңызды құжат болып табылады. Ол Пайғамбардың сөзі болғандықтан оған әлдекім өз тарапынан сөз қоса алмайды. Хадис орта ғасырдан бізге жеткен ең құнды араб жазба еңбектерінің бірі. Бұл ғылым сонау Пайғамбарымыз өмір сүрген 6 ғасырдан бастау алады.

Ислам ғұламалары хадис ғылымына терең үңіліп оның әрбір саласын зерттеген. Мұнымен қатар оның жету жолдары мен дұрыс-бұрыстығын анықтап отырған. Мұсылман қауымы күнделікті тіршілігінде, барлық діни жол-жоралғыларды хадиске сүйене отырып атқарады. Мысалы: сәби дүниеге келген күннен бастап, соңғы өміріне дейінгі іс- әрекеттер хадис арқылы жүзеге асырылады. Оларға тоқталар болсақ азан шақырып ат қою, құрбандық шалу, сүндетке отырғызу, дәрет алу, жаназа шығару және тағы басқа.

Елшіміздің хадистерінен аздаған мысал келтірер болсақ: «Әлбетте әрбір іс-әрекет адамның ниетіне байланысты. «Егерде кез-келген кісінің ниеті Аллаһ үшін, пайғамбардың шапағаты үшін болса, онда сол ниетіне жетеді. Егер адамның ниеті дүние табу немесе үйлену болса, олда сол ниет мақсатына жетеді», — дейді. Мұнан түсінеріміз «әрбір іс ниетке байланысты», яғни кім нені тілесе соған жетеді деген сөз. Дүниелік және ақыреттік, көрінген және көрінбеген іс болсын әрбір іс ниетке қарай жүзеге асады. Ниетсіз болған іс пен сөз босқа кетеді, оның мән-мағынасы болмайды дейді.

Міне, қарап тұрсақ қай мәселеде болмасын Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыз әділдік пен туралықты, жұмсақтықты, мінездің көркем болуын қалаған әрі оны бұйырған. Оның бұл өсиеті біздің тура жолда жүруіміз бен адасушылыққа тап болмауымыз үшін қалдырған аманаты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
  • «Бағаны тұрақтандыру – басты мақсат»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер