«Темір фрау» бастаған топ

image_750x_5afeb789dbca7.jpg

Әйел құқығына қатысты мәселе қозғалғанда, ең басты критерийлердің бірі – олардың заң шығарушы және билік органдарындағы үлесі қарастырылады. Осы тұрғыда еліміздің Парламентіндегі халық қалаулыларының 21 пайызы нәзік жанды депутаттар екен. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 57-орындамыз. ТМД елдерінде әйел депутаттарының көптігімен Белоруссия мақтана алады –  33 пайыз (әлемде 29-орын). Бұл елде әйелдердің депутат болуына жағдай жасайтын ерекше квоталар бар. Белоруссия парламентінің жоғарғы палатасындағы 56 сенатордың 17-сі, ал төменгі палатадағы 110 халық қалаулысының 38-і әйел.  Біздің елдегі нақты дерекке тоқталсақ, Сенатта – 4, Мәжілісте 29 әйел депутат бар екен.

Көршілес Қырғызстандағы гендерлік жағдай біздікінен нашарлау: Жогорку Кенештегі 120 депутаттың тек 23-і нәзік жандылар. Ал демократиялық құндылықтарды ұрандатып жүрген Украинадағы көрсеткіш тым төмен. Бір кездері Юлия Тимошенконы төбесіне көтерген елдің парламентіндегі орындардың тек 12 пайызы әйелдерге тиесілі.

Енді әлемдегі жағдайға тоқталсақ.  Әлемдегі парламенттік креслолардың 22 пайызы әйелдерге тиесілі. Дегенмен, әр құрлықтағы көрсеткіш әрқилы.     Еуропада гендерлік саясаттың биік шыңы ретінде насихатталып жүрген Швеция, Бельгия, Норвегия мен Финляндия парламенттеріндегі депутаттардың 40-44 пайызын әйел азаматтар құрайды.  Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша өркениетті Еуропа елдерін басып озған мемлекеттер баршылық. Тіпті кейбір елдердің заң шығарушы органдарындағы әйелдердің үлесі басым екен. Айталық, Боливия парламентіндегі орындардың тек 48 пайызы ер азаматтарға бұйырған. Ал нағыз рекордсмен – Африкадағы Руанда мемлекеті. Мұндағы парламентті әйелдер билеп-төстеп тұр демеске лажымыз жоқ – 58 пайыз. Матриархат деп осыны айт!

Әйелдер қауымына парламенттегі бір орынды да қимаған елдердің қатарына Микронезия, Вануату, Тонга мен Қатар сынды елдер кіреді.  Сондай-ақ, Иран, Кувейт, Йемен елдерінің заң шығарушы органдарында 1-2 әйелден ғана бар.


«Рейтинг» газеті, 1 наурыз, 2018 ж


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бағаны тұрақтандыру – басты мақсат»
  • Ғаламат базар жобасы
  • Түркістан және туризм бірге дамиды
  • Түркістан және туризм өзгерістер кезеңі
  • Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктері
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер