Көшпенді өмір салтына қызығушылық зор

Screenshot_27.jpg

Шетелдік туристер Қазақстан тарихына қызығушылық танытады. Олар Қазақстан тарихын көшпенділермен байланыстырады. Яғни, көшпенділер атпен шауып, өмірлерін ат үстінде өткізген халық. Шетел туристері Қазақстанға келгенде көшпенділер мәдениетін көргісі келеді. Оларға ат әбзелдері өте қызық. Түркістан қаласы мұндай ат әбзелдерінен кенде емес. 

Қаладағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі қорындағы Нартай Бекежановтың өзі тұтынған ат әбзелі 1999 жылдан бері бар. Қазіргі таңда бұл өтен құнды жәдігер. 

Музей қорындағы әрбір жәдігердің өзіндік тарихы мен айтары бар. Соның ішінде ат әбзелдерінің тарихына аз-кем тоқталып өтер болсақ, үзеңгі ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Ол атқа оңай мініп-түсу үшін және ат үстінде мығым отыру үшін пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда үзеңгі б.з.б. I-мыңжылдықтан бастап қолданылып келеді. Бұл қарапайым зат бүкіл көшпелі өркениеттің алға басуына өз ықпалын тигізген құндылықтардың бірі. Қазақ шеберлері үзеңгіні ағаштан, қоладан және темірден жасаған. Ағаш үзеңгілер (солтүстік өңірлерде) қайыңнан иілген. Бақуат адамдар темір үзеңгілердің сыртын күміспен көмкеріп, кейде ою-өрнектер түсіріп жасататын болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында үзеңгінің түрлері (жалпақ табан, торлама, ашамай, т.б.) көп. 

Музей қорындағы Нартай үзеңгісі жалпақ табан үзеңгі түріне жатады, үзеңгі жезден (латунь) құйылып жасалған. Үзеңгінің өлшемі 20х12,9 см. Үзеңгі бір-біріне құйылып жалғасқан екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі құлақ деп аталады. Құлақ үзеңгінің жоғарғы бөлігі яғни ерге былғары қайыс арқылы жалғанатын бөлігі. Үзеңгінің құлағы төртбұрыш пішінді болып биіктігі 3,5 см. ұзындығы 5 см. болып келген. Үзеңгінің екінші бөлігі басқыш немесе табан тірегіш деп аталады. Үзеңгінің табан тірейтін жері жалпақ болып жасалған ұзындығы 12 см. ені 5 см. табан тірейтін жерінің астынғы жағы иректеліп әсемделген. Үзеңгі ердің екі қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Екі қабырғасының жоғарғы жағында таралғы өткізетін тесік болады, ал аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас сопақша болып келеді. Ерге үзеңгі тақпаса адам атқа оңай мініп, оңай түсе алмайды. Тіпті атқа мінген күннің өзінде де аяғын үзеңгіге салып отырмаса атқа орнықты отыра алмайды. Сондықтан үзеңгі ат әбзелдері ішіндегі маңызды бөлігінің бірі саналады.

Музей қорында сонау Әмір Темір жасатқан жәдігерлер мен Қабанбай батырдың қанжары сынды құнды да бағасы жоқ мұралардың арасында қазақ өнерінің майталманы, өнері қайталанбас біртуар ақын-компазитор Нартай Бекежановтан қалған жәдігерде құнды дүниелер қатарынан ойып орын алатыны белгілі. Нартай ақынның үзеңгісі кезінде ақынның ат үстінде тұрып домбырасымен, сырнайымен еркін ойнауына көп пайдасы тигендігі айдан анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
  • «Бағаны тұрақтандыру – басты мақсат»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер