Гауһар ана кесенесі маңына боз арша егілді

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласының туризмінің өркендеуіне өз ықпалын тигізіп жатқан "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ГауҺар ана кесенесі маңына боз арша (туя) ағашы егілді. 

Жыл басынан бері кесене аумағын абаттандыру мақсатында кесене мен құдық суына апаратын аяқ жол бойына арнайы құмыралар орнатылып, түрлі - түсті әсем гүлдердің тұқымы себілгені белгілі. Гауһар ана кесенесінің қорықшысы Оразғали Сапарбаевтың айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген зияратшылардың көпшілігі Гауһар анаға да арнайы соғып, құран оқып, суына шомылады.

-" Рухани орынға келушілерге жайлылықты қамтамасыз ету үшін тыныштық пен тазалықты сақтау басты назарға алынған. Көктем мезгілінде қат болып сірескен жер арнайы техникалардың көмегімен жыртылып, ірі-ірі тастардан тазартылса, аталған жерге тыңайтқыштар себіліп, гүл, ағаш қондырылған болатын. Бүгін "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің жеткізуімен  көп жылдық боз аршасын қондырдық. Алдағы уақытта да абаттандыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз",- деді Оразғали Сапарбаев.

Айта кетсек, 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ананың кішігірім бейітіне «Әзірет Сұлтан»  қорық-музейі қайта кесене тұрғызды. Кесене аумағындағы негізгі жұмыстар қолға алынып, жантақ, шеңгел басқан аумақ гүлзарлармен абаттандырылып жүйелі түрде ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Ескерту, белгі тақтайшалары қайта жаңартылып, Гауһар ана кесенесі туралы 3 тілде жазылған ақпараттық тақтайша орнатылды. Сондай-ақ, былтырғы жылы кесенеге келушілерге арналған автотұрақ салынып, айналасы темір шарбақпен қоршалды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылды.  Алыс-жақыннан ағылатын туристердің легі  көп болғандықтан заманауи талапқа сай дәретхана салынды.

Screenshot_4.jpg

Гауһар ана кесенесі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК құрамына діни-рухани ескерткіштер ретінде тізімге алынған. Биылдан бастап,  кесене маңына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Сапар орталығы бой көтеріп, туристер үшін рухани орталыққа айналдыру көзделуде. 

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
  • «Бағаны тұрақтандыру – басты мақсат»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер