Қонақ үй бағасы қолжетімді

image.png

Еліміздің рухани астанасы Түркістанның экономикасы таңқаларлық қарқынмен көтеріліп келеді. Оның бірінші себебі қаладағы туризмның дамып, келуші қонақтардың санының артуы да, екіншісі қала тұрғындарының өз кәсібін ашып, жұмыссыздықтың азаюы.Қонақ үй салып, кәсіп ашу, қала кәсіпкерлері үшін кәсіптің оңтайлы түрі. Ол келуші туристердің көптігімен тығыз байланысты болып отыр.

"Отау" қонақ үйі Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанында, қала орталығында орналасқан. Мұнда Сіз қаланың кез-келген бөлігіне оңай жете аласыз. Отау – Түркістандағы жаңа қонақ үйлердің бірі болып табылады. Әрбір бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, телефон, кондиционер бар. Түркістандағы қонақ үйлердің арасында Отау қонақ үйі жоғары деңгейлі сервис сапасымен және қолжетімді бағамен ерекшеленеді. Қонақ үй қонақтары өздерінің бөлмелерінен шықпай Интернетті пайдалана алады. Қонақ үй туристік топтар мен іссапармен келген қонақтар арасында өте танымал. Қонақ үйдің жанында үлкен супермаркет, дәріхана, мейрамханалар, Burger және вафельді үйлер бар. Қонақ үйдегі жалпы бөлме саны – 10, жатын орын саны – 20, ал стандарт бөлмелердің 1 күндік құны 5000 теңгені құрайды.

Жалпы, бүгінде қалада бизнеспен айналысатындар үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Тек сол мүмкіндіктерді дұрысынан пайдаланып, кәсіп ашып, іс бастаған жағдайда ғана, қалаға сырттан қаражат айналымға түсіп, қала әл-ауқаты жақсара бастайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер