«Түркістан» индустриялық аймағы 350 гектарды құрайды

image.png

Республика көлемiнде индустриалды-инновациялық аймақ құру мәселесi кең көлемде әрi қарқынды жүргiзiлiп келеді. «Түркістан» индустриялық аймағының бүгінгі жай-күйі өте жақсы.

Еліміздегі индустриялық аймағы көп өңірдің бірі – Түркістан облысы. «Turkistan» индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бас директоры Талғат Қыдырбаевтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ бар. Өңірдегі аудан, қалаларды қосқанда жалпы аумағы 445 гектарды құрайды. Одан бөлек 310 гектарға жуық жер резервте тұр.

2013 жылы құрылған «Түркістан» индустриялық аймағы алғашында 40 гектар болса, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Түркістан қаласы әкімінің шешімімен тағы да – 200, артынша тағы 110 гектарға ұлғайды. Нәтижесінде аталған индустриялық аймақтың қазіргі жалпы аумағы 350 гектарды құрайды. Мұнда 20 жоба жүзеге асып, 1091 адам жұмыспен қамтылған. Олардың қатарында ламинат өндіретін ЖК «GrandMiks», шыныжелім арматура мен темір-бетон шығаратын «Мирас ДАМУ ЛТД» ЖШС, жабын плитасы мен тауарлы-бетон өндіретін «Айбек ЛТД» ЖШС және сол сияқты құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар зауыттар жұмыс істеп тұр. Одан бөлек рухани астанада жиһаз, былғары өнімдері де нарыққа шыққан. Жүзеге асып отырған 7 жоба бойынша 330 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін 628,5 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның жобалау актісі дайын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер