Шағын мейманхана кәсібімен айналысушылар көп

2018_11_28_115538132100.PNG

Түркістан алып шаһар. Әлемдік туристік қалалармен биіктігімен теңеспесе де, енімен теңесері анық. Себебі бұл қала кезінде туристер қаласы, кәсіптің қайнар көзі болған. қапзір де бұл атақтар қала атауына айналып өтпейді. Мұндағы еңбекқор халық қала экономикасын арттыруда ауызбіршілігі аса жоғары. Қалаға келген қонақтар алдында да қазақы қонақ күтіп алу дәстүрін жоғалтпаған. Тек мұны заманауи стандарттарға сай жасайды. Жалпы, оңірде қонақ үй бизнесінің дамуы соңғы жылдарда күрт өсті. Оның себебі қаланың облыс орталығына айналып, атағы өсуінде, келуші туристердің саны артуында болса керек. Мұндағы қонақ үйлер заманауи стандарттарға әбден сай. Мәселен "Сабина" қонақ үйі.

"Сабина" қонақ үйі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қараған тұста, қала орталығында орналасқан. Қонақ үйдің орналасуы, қонақ үйге тоқтаған көптеген туристерге қаланың көрікті жерлерін көруге мүмкіндік береді. Қонақ үй "Сабина" қонақтарға 16 жабдықталған бөлме  ұсынады, онда  теледидар, кондиционер, фен, тоңазытқыш бар. Қонақ үйдегі жалпы нөмірлер саны - 8 болса, ондағы төсек орындар саны 16. Ал қонақ үйдегі жартылай люкстің құны тәулігіне 4000 теңгені құрайды. 

Қонақ үй бизнесінің Түркістанға келгеніне шамамен 10 жыл болды. Қонақ үй кәсібін ескіде тек қалталы азаматтар ғана аша алса, қазірде мемлекет көптеген азаматтарға аталған шағын және орта бизнес түрімен бастапқы жарна несиемен алу арқылы ашуға болатын оңтайлы түрплерін ұсына алады.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шағын мейманхана кәсібімен айналысушылар көп