Жылыжай жайын талқылады

Screenshot_13.jpg

Жылыжай өнімі табысты кәсіптің көзі. Осыған орай, Түркістан облысы әкімнің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің және «ЭКО - культура» агроөнеркәсіптік холдингі президенті Александр Рудаков, «Green Land Alatau» компаниясының бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. 

Жиынға инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «Kazakh Invest» аймақтық өкілдігі, «Turkistan Invest» фронт-офистің басшылары, «Kazakh Invest» ҰК АҚ төрағасының орынбасары және бас менеджері қатысты. Басқосу барысында Түркістан облысы Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу туралы 5 жақты келісімге қол қойылды. Келісім Түркістан облысы әкімдігі, ««Kazakh Invest»»ҰК» АҚ, «Эко-культура» АӨХ ЖШҚ, «Green Land Alatau» ЖШС және Еуразиялық даму банкі арасында жүргізілді. Жоспарланған инвестициялар мөлшері 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жобаны қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылмақ.

Қазіргі таңда, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы қажетті инфрақұрылым жүргізу бойынша таңдалған учаскеде есептеулер жүргізілуде. Инженерлік желілер жүргізуге қажетті жобаның жалпы сомасы 10,3 млрд. теңге, соның ішінде 2020-2021 жылдарға – 3,7 млрд. теңге, 2020-2023 жылдарға – 6,6 млрд. теңге қаралған. «ЭКО-культура» ЖШС-нің жылыжай кешендері өсіп жатқан дақылдардың толық циклін бақылайтын, жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталатын болады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жылыжай жайын талқылады