«Майлыкенттің» өнімдеріне сұраныс артып келеді

Screenshot_6.jpg

Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындап, оны еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіп, елдің алғысына бөленіп жүрген шағын кәсіпкерлік нысандары жетерлік. Солардың бірі  — «Майлыкент сүт» ЖШС-інің жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын өнімдері ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие болып отыр. 

      «Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қарқынды жұмыс істеп жатқан цех күніне 5 тонна сүт өндеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 30-дан астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өз өнімдерін республика аумағындағы барлық өңірлерге өткізуде.

      Жергілікті тұрғындардың сүтін бұрын «Фудмастер» жинайтын. Қазір жергілікті тұрғындар күнделікті сауып алған сүттерін осы «Майлыкентке» өткізетін болған. Сұраныс күннен күнге артып, серіктестік жұмысы алға жылжып келеді. Ал, сүтке сұраныстың көбейгені мал асырап отырған халықтың жағдайын жақсарта түседі деп күтілуде.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Майлыкенттің» өнімдеріне сұраныс артып келеді