Қалпына келтіру 97 пайызға аяқталды

Screenshot_4.jpg

Арыс қаласында бүлінген үйлердің 97 пайызында құрылыс жұмыстары  аяқталды. Мұндай мәлімет өткен аптада үкімет басшысы Асқар Маминнің Арыс қаласына жасаған сапары барысында айтылды. 

Премьер-министрі Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік ғимараттардың салыну барысын тексерді.

Арыс қаласында жалпы үйлер саны 8 637, оның ішінде 7 166 тұрғын үй жөндеуді қажет етті. Қазіргі кезде жұмыстардың 97,4 пайызы аяқталды. 433 тұрғын үй қайта салынуда. Нысандарда 163 құрылыс компаниясы, 6 мыңнан аса жұмысшы мен 286 бірлік құрылыс техникасы тартылған.

Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде Үкімет басшысына 536 кәсіпкерлік қызмет субъектісінен 509-ы қалпына келтіруді қажет ететіні туралы ақпарат берілді. Қазірдің өзінде 316 бизнес нысаны жұмыс істей бастады.

 Асқар Мамин стадионға, ауруханаға, мектепке барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші болып табылатын «Арыс-1» теміржол вокзалы араланды. Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет құрамына ғалымдар, реставраторлар, тарихшылар, Мәдениет және спорт министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірген комиссия құрды. Комиссия қорытындысына сәйкес, Арыс қаласының вокзалын қалпына келтіру бойынша «Самұрық-Қазына» Қоры жүзеге асырып жатқан жұмыстар оның тарихи-архитектуралық құндылығын жоймайды. А.Маминге вокзалды қалпына келтіру келесі аптаның соңына дейін аяқталатыны туралы баяндалды.

 «Барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғындар үшін барлық жағдайларды жасау керек», - деген Үкімет жетекшісі тұрғын үйлерді салу сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Түркістан қаласында  премьер жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оның өткізу қабілеті тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 600-ге жуық автобусты құрайды. Вокзал тәулігіне 10 мың жолаушыға дейін қызмет көрсететін болады деп күтілуде. Автовокзал облыс орталығындағы көлік ағынын оңтайландыру және экологиялық ахуалды жақсарту үшін салынған.

Сапар барысында А.Маминге  әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени нысандардың салыну барысы туралы баяндалды. Үкімет жетекшісі оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын, сонымен қатар салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер