Жастар адал жолды таңдайды

Screenshot_3.jpg

Елімізде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал жолды таңдаймыз» марафоны қолға алынғаны белгілі. Марафонға жақында шардаралық жастар да белсене қатысты.   «Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі мен болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індеті мен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет»,- деді жиында Шардара ауданының әкімі.

Таңғы тоғызда бастау алған шараға мемлекттік ұйымдар мен ауданның белсенді жастары, өнер майталмандары және де төрткүл дүниеге еліміздің атын асқақтатып жүрген спортшылар мен жансыз дүниеге жан бітіретін суретшілер белсене атсалысты. Сондай-ақ теңіз бетімен «Адал жолды таңдаймыз»жастар марафон эстафетасының туымен альбомын ел үмітін арқалап жүрген спорт саңлақтары Мақтарал ауданынан келген қонақтарға табыс етті.

Шара соңында өңірлік марафонға белсенді атсалысқандар алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек, эстафета қағидатындағы марафон жыл соңына дейін жалғасатын болады.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жастар адал жолды таңдайды