Жастар арасында жұмыссыздар азаюда

Screenshot_21.jpg

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие беріп, әлеуметтік жұмыс орындарына сұранысқа ие мамандар тартылып жатыр. Мамандардың айтуынша биыл жастар практикасына қатысуға ниет білдіргендердің саны артқан. Мәселен, Айдана Сабыр оқуын аяқтай салып, Отырар аудандық орталық ауруханасына жастар практикасы арқылы 6 ай жұмыс істеген. Бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Шымкент медицина колледжін 2018 жылы бітіріп, жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелдім. Сол арқылы 6 ай жастар практикасына қатыстым. Ол жерде тәжірибе жинақтадым, ол кезде айлығым 47 мың болды. Сол арқылы орталық ауруханаға тұрақты жұмысқа тұрдым. Қазір жалақым 70 мың»,- дейді Айдана.

Ауданда 6 айда кәсіптік оқытуға тартылғандар барлығы 280 адам, ал шағын несие алып кәсібін бастағандар саны 50 адамды құрап отыр.  «Еңбек» бағдарламыс аясында 1600 дей азаматымыз осы бағдарламамен қамтылып отыр. Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады. Жастар жылына орай  173 жасты 505 мың теңгелік грантпен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 14 жастың құжаты Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Оған биылғы жылы 90 млн теңге қаралып отыр»,- дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхит Амангелді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер