Кәріз жүйесіне қосылады

Screenshot_18.jpg

Сарыағашта 50 мыңға тарта тұрғын бар. Халық тығыз қоныстанған шаһарға кәріз жүйесін жүргізу ісі басталды. Осыдан жарты ғасыр бұрын шаһар мәртебесін иемденгенімен аудан орталығындағы ахуал экологиялық талаптарға мүлдем сай келмейтін. Ауқымды құрылыс үш жылға жоспарланаған. Оның алғашқы кезеңінде 27 шақырым жерге кәріз құбыры тартылады. Ол үшін мемлекет қазынасынан екі жарым миллард теңге бөлінген. Ал екінші кезеңде қаланың шеткері аумақтары да осы жүйеге қосу үшін 790 миллион теңгедей қаржы жұмсалмақ. Мұнан кейін шайынды суларды тазарту ғимараты соғылады. 

Жалпы сарқынды су жүйесіне шаһардағы 7 мың 900 абонент қосылғалы отыр. Мұнан бөлек әлеуметтік нысандар мен мемлекттік мекеме ғимараттары де осы жүйеге жалғанады. «Бірінші кезекте қазіргі таңда негізінен әлеуметтік нысандар: аурухана, көпқабатты үйлер, мемлекеттік мекемелер алдымен кәріз жүйесіне жалғанады. Кейіннен өзге де мекемелер мен үйлер  кәріз жүйесіне қосылатын болады»,- дейді Сарыағаш аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бекжан Ерменов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Үкіметтен түбегейлі өзгерістер жоспарын күтеді
  • 62 миллиард игерілмей қалды
  • Түркістанда ерекше индустриалды аймақ салынып жатыр
  • Ордабасыға 55 жыл!
  • Жылыжай жайын талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер