Қазығұрттық оқушылар жаңа мектепте оқиды

Screenshot_12.jpg

Қазығұрттық оқушылар жаңа оқу жылында жаңа мектепте білім алмақ. Себебі өңірде  1 қыркүйекте жаңадан 6 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Жыл сайын осындай 5-6 ғаимарат салынады»,- дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Төрехан Төкенов. 

Биыл Жаңабазар ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ және Үлгілі елді мекендерінде 300 орынды екі мектеп, Тілектес елді мекенінде 150 орынды мектеп, сондай-ақ, Алтынтөбе, Қарабау және Қақпақ ауылдық округтерінде заманауи үлгіде салынған сәулетті мектеп ғимараттары шәкірттерге есіктерін айқара ашады. Оларға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржылар толығымен игерілді. Мәселен, Үлгілі елді мекеніндегі мектепке республикалық бюджеттен 816,8 млн. теңге бөлінген. Мердігер мекеме «Қаржан Тау» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес жүргізді. Ал, Қақпақ ауылдық округіне қарасты Заңғар елді мекеніндегі 200 орынды мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 590,465 млн. теңге қаралды. Құрылысты мердігер мекеме «ЖАҢА АРНА – 2002» ЖШС жүргізді. Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекеніндегі 100 орынды мектеп құрылысына жергілікті бюджеттен 349,440 млн. теңге қаралып, мердігер мекеме «ӨМІРЗАҚ» ЖШС бұл қаржыны толықтай игерді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Үкіметтен түбегейлі өзгерістер жоспарын күтеді
  • 62 миллиард игерілмей қалды
  • Түркістанда ерекше индустриалды аймақ салынып жатыр
  • Ордабасыға 55 жыл!
  • Жылыжай жайын талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер