Инфрақұрылым проблемалары шешіліп келеді

Screenshot_21.jpg

Алдағы уақытта Түркістан облысына аяқ басатын туристердің саны арта түспек. Өңірде туризмді дамыту мақсатында экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленген.  Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің құрылысы барысында 1900 жұмыс орны ашылса, іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Облыс әкімі Ө.Шөкеев облыстық мәслихатының сессиясында өңірде инфрақұрылымның жақсаратынын тілге тиек етті. Барлық аудан, қалаларда ауыз су, газбен қамту, сапалы электр мәселелері бойынша тиянақты жұмыстар атқарылмақ. Газ мәселесі де шешімін тауып келеді. Екі айда 30 елді мекенге «көгілдір отын» тартылып, 45 мың адам газға қол жеткізген. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын тауып, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 48 елді мекенге газ тарту жоспарланыпты. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен жабдықталу көрсеткіші қалаларда 97,2 пайызға, ал, ауылдық елдімекендерде 80,4 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.

Түркістан қаласын дамыту, құрылыс нысандарын талапқа сай жүргізу жұмыстары да жоспарға сай атқарылады. Биылдың өзінде бірнеше ірі нысан пайдалануға беріледі.

Жиында осы және өзге де деректерді сөйлеткен өңір басшысы ел Үкіметі тарапынан бөлінген әрбір тиын ел игілігі үшін жұмсалып, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы басты назарда болатынын жеткізді.

 Түркістан облыстық мәслихатының 38-ші сессиясының күн тәртібінде түрлі салалар қамтылған 19 мәселе талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.

        


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
  • Мониторинг тұрақты жүргізілуде
  • Дәрі тапшылығы болмауы тиіс...
  • Қаулыға сәйкес карантин режимі қатаң бақылауда
  • Бірқатар шектеулер енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер