Асыл тұқымды сиырларды көбейтуде

Screenshot_15.jpg

Сарығашта етті бағыттағы 76 мал шаруашылығын дамытатын орындар ашылуда. Бұл үшін шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқаларға 150, аналық бастарының әрқайсына 20 мың теңгеден субсидия алады. Аудандағы жеке кәсікер Валибек Мамедов ет бағасы қолжетімді болуы үшін Петропавл қаласынан «Ангус» пародасының 12-14 айлық 57 аналық, 5 аталық бұқасын әкелген. Әрқайсысы 550 мың тұратын бұл құнажындар семіргенде тәулігіне 1-1,5 келіге дейін ет қосатын көрінеді. Жемге байланған бұқалар күніне 150-400 граммдап қана салмақ қосады екен. Асыл тұқымды мал алу үшін талапқа сай жайылым жер болу керек. Сондықтан, шаруашылық иесі жер алу үшін конкурсқа қатысуда. Яғни, осы ірі қараны қысымен шөппен қамту үшін қосымша 50 гектар жер сұрауда. Жоңышқа егіп, әрі бұқаларға жайылымдық жер істемек. Күзге қарай тапсырыс берген жүз данасын тағы әкеледі. Түбі санын 500-ге жеткізуді көздеуде. Бүгінде 30 гектар бауында жүзім, алхор  және аздап алма егілген. 

    «Келешекте бұл сиырлар қанша тонна ет беретінін білмеймін»,- деген В.Мамедов ірі қараларды әкелгеніне енді 25 күн болғанын, жемін солтүстіктен қоса әкелгенінде айтты.«Ангус» пародасындағы құнажындардың төлін келесі жылы алады. Сол арқылы жергілікті малдарды түрлендірмек. Яғни, аудандағы мал шаруашылығымен айналысып жатқандарға төлді таратып, етті малдардың санын көбейтпек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті
  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер