Спорт нысандарын аралады

450_50976c861cec7.jpg

Сарыағаш ауданында грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Сыдық Ысмаиловтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында облыстың ашық чемпионаты өтуде. Биыл 7-ші рет жалауы көтерілген жарыста 10 команда, 150-ге жуық сайдың тасындай іріктелген балуандар күш сынасуда.

  Боз кілемде жеңіске жеткен әрбір спортшы облыс құрамасына ілігетін болады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайрат Әбдуалиев пен Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев қатысып, турнирге қатысушы спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Ал жарысты жоғары дәрежеде ұйымдастыруға атсалысқан батырдың қызы Алима Ысмайлова  бұл спорттық шараның жастарды спортқа тартуға берер пайдасы мол екенін жеткізді. 2005-2007 жылы туылған грек-рим күресінің шеберлері екі күн бойы жеңімпаздарды анықтайды.

Айта кетелік, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев Сарыағаш ауданының спорт нысандарын аралап көріп, сала мамандарымен жиын өткізді. Алқалы кеңесте ауданда спорттың дамуы бойынша жоспар түзілді. 

Ауданда бүгінде 4 спорттық мектеп жұмыс істеуде. Жалпы 122 жаттықтырушы спорттың 16 түрінен 6500 жасөспірімді спортқа баулуда.  Сондай-ақ ауданда  денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 394 спорт нысаны бар, екі спорт кешені, орталық стадион, 77 спорт зал, 13 ату тирі, 299 жазғы спорт алаңшасы  және 2 жүзу бассейні бар. Бұқаралық спортты дамыту бойынша  2019 жылдың 5 айында 115 спорттық іс-шара өткізіліп оған 34312 адам тартылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер