Облыс әкімі Бәйдібектегі оң істерге куә болды

Screenshot_11.jpg

Бәйдібек ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бәйдібек ата ауылында «Тағзым» саябағы салынып, ауыл ішіндегі бірнеше автомобиль жолдары қайта жөндеуден өтеді.  Сондай-ақ, аудан орталығы Шаянда Орталық саябақ абаттандырылып, жаңа кітапхана бой көтеретін болады. Бұл туралы аудан әкімі Бақытбек Танагөзов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ауданға жасаған сапары барысында баяндады.  

Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездескен облыс басшысы жаңа стационарлық орталықтың құрылысы мен Бәйдібек баба-Домалақ ана жолын қайта жөндеуден өткізу қажеттігін тапсырды.

     Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы Ақбастау ауылдық округі аумағындағы Біріккен Араб Әмірлігінің құс өсіру орталығымен танысты. Құрылыс жұмыстарын бастағалы бері ауданға 68 млрд. теңге инвестиция құйылған. Онда қазіргі таңда 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Халықаралық қордың мақсаты – дуадақ құсын қорғау және олардың санын көбейту. Соңғы екі жылда 800-ден астам дуадақ еркіндікке жіберілген.

Мұнан соң Өмірзақ Естайұлы «Бердібай» шаруа қожалығындағы мал бордақылау алаңынына аялдады. 2005 жылы құрылған шаруашылық бүгінде асылтұқымды мал басын арттырумен айналысып отыр. Облыс әкімі қожалық иесіне мал басын көбейтуді тапсырса, ал, аудан әкімдігіне қожалыққа қажетті су, электр мәселесін шешуді жүктеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер