IT-мамандар Түркістанның келешегін талқылады

Screenshot_13.jpg

Жаһандану дәуірінің басты сипаты – сандық жүйе. Түркістан облысы да заман көшіне сай цифрлану үстінде. Осы орайда  Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да Түркістан облысын цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» атты форум өтті. Форумға Қазақстанның 120-дан аса ІТ-қауымдастық өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар ЖОО мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес қауымдастықтар қатысты.

Жиында IT-мамандар ақылды өңірде қаланы құру бағытындағы инновациялық идеяларын қосып, Түркістанның келешегін талқылады. Алдымен жиынға қатысушылар Түркістан қаласындағы жаңа Ақылды қала тұрғын үй кешендерінің кірпішін қалау рәсіміне қатысты. Онда цифрландыру бойынша «Platonus» ІТ-компаниясының өкілі Олжас Тұрғамбекұлы ақылды қаланы құру мен басқарудың маңыздылығына тоқталып,  өзінің алған әсерімен бөлісті. 

     «Ақыл жастан» демекші, одан кейін шара «Smart Turkistan» форумымен жалғасты. Кездесуде цифрландыру бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсетуде  мемлекеттік-жеке серіктестік үлгісі ретінде «Vendor Management Office» (VMO) арқылы жұмыс істеудің ашықтығын енгізу жобасы көрсетілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер