Саяхатты Сауранда аяқтады

Screenshot_20.jpg

«Оңтүстік аңыздары» тақырыбындағы «Nomad Explorer» республикалық  туристік экспедицияның 700-ге жуық саяхатшысы көне шаһар – Түркістаннан кейін Сауран қалашығына аялдап, экспедиция жұмыстарын қорытындылады.  Мұнда Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шарада қазақтың көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, асық ату, садақ ату және өзге де спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Түркістандық азаматтар сәйгүліктері мен құмай тазыларын, түйелерін әкеліп, зергерлік және қолөнер бұйымдары жәрмеңкесін өткізіп, саяхатшыларға ұлттық салт-дәстүрімізді паш етті. Әншілер қазақтың танымал әндерін шырқады.

Көпшілік қауым тарихы тереңде жатқан Сауран қалашығын аралап, шежіресімен танысты. Сонау орта ғасырларда салынған қамал қабырғаларының биіктігі 3-6 метрге дейін жетеді. Бұл қамал республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Жалпы саяхатшылар  бес күнде Ақмешіт үңгірі, Домалақ ана кесенесі, Аппақ ишан мешіті, Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып ерен Қырық шілтен, Қажымұқан мұражайы, Отырар қалашығы, Арыстан баб кесенесі, Үкаш ата, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран қалашығы және өзге де тарихи  орындарды аралап, өңірдің таңғажайып табиғатына тамсанды.

Марғұлан Сейсембаевтың бастамасымен құрылған экспедиция құрамында елге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, блогерлер мен журналистер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар және өзге де сала өкілдері бар. Айтулы саяхатқа Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы да қолдау көрсеткенін айта кетейік.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Үкіметтен түбегейлі өзгерістер жоспарын күтеді
  • 62 миллиард игерілмей қалды
  • Түркістанда ерекше индустриалды аймақ салынып жатыр
  • Ордабасыға 55 жыл!
  • Жылыжай жайын талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер