Шымкенттің энциклопедиясы жазылуда

Screenshot_4.jpg

Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабының құрастырылуына орай кеңес жиын өтті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, ОҚМУ ректоры Г.Сүгірбаева, жазушы М.Байғұт, энциклопедияны құрастырушы редактор, жазушы М.Әбдәкімұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Энциклопедияны құрастырудағы мақсат - Шымкент қаласының көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихи және айтулы кезеңдерін, киелі жерлері мен ескерткіштерін, оқу-ағарту, мәдениет, өндіріс, жол құрылысы, өнеркәсіп, қалаға еңбегі сіңген азаматтар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, өнер адамдарының, еңбек озаттарының, спортшылар мен суретшілердің өмірбаяндары, Тәуелсіздік жылдарындағы әкімдер мен әкімшілік қызметкерлерінің, аудан әкімдерінің, жеткен жетістіктер мен қала көлемінде іске асқан өзгерістер, жаңалықтармен таныстыру. 

М. Әбдәкімұлы жоспар бойынша энциклопедия қала тарихынан басталатынын, тарихты кезең-кезеңімен берген соң, өзге мәліметтер алфавиттік негізде ұсынылатынын жеткізді.

Кеңес барысында ұйымдастыру алқасының мүшелері жарыққа шыққалы отырған энциклопедияға енетін мәліметтер, тұлғалар жайында және жалпы материалдар туралы пікірлер мен ұсыныстарын ортаға салды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер